16 қазан күні дінді түсіндіру мақсатында "Дін және жастар" тақыбырында жиналыс өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 қазаны күні Мәртөк ауданындағы №4 Мәртөк орта мектебінде дәстүрлі дінді түсіндіру мақсатында Ақтөбе облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылдық мешітінің имамы Темірханов Асылхан Нұртайұлының қатысуымен, Мәртөк ауданындағы №4 және 2 Мәртөк орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына жиналыс өткізілді.

Кездесу «Дін және жастар» тақырыбында өтті. Кездесу барысында имам жастарды қоғамымыздың игілігі үшін еңбек етіп, арамызда жүрген дарынды тұлғалардың, ғалымдар мен дәрігерлердің, ұстаздардың, өнер және әскери адамдардың, саясаткерлер мен қоғамның басқа да абыройлы мүшелерінің күнделікті өмірдегі ерен еңбектерінен сабақ алып, отаншыл рухты болып өсуге шақырды. Сонымен қатар, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану, дін тұрғысындағы сұрақтарды тек имамдар мен Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы (ҚМДБ) тарапынан рұқсат етілген сайттардан алу керектігін жеткізді. Жиналыс барысында жоғары сынып оқушылары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды.