Ақпараттық топтың тағы бір кездесуі Сарыжар ауылдық округінің ата-аналарымен өтті.

Бүгінгі ақпараттық топтың тағы бір кездесуі Сарыжар ауылдық округінің ата-аналарымен өтті. Кездесу барысында балаларды жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін оларға көбірек көңіл бөлу, бос уақытында немен айналысып, қандай топпен араласатындығын біліп отыру қажеттігі айтылды. Діни ақпаратты қайдан және кімнен алып жүргеніне мән беру керек және қазіргі таңда балалар көп қолданатын әлеуметтік желілердің зардаптары айтылды.