Аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін республикалық түсіндірме тобының қатысушылары Мақсат Мұратұлының қатысуымен кездесулер

Бүгін Мәртөк ауданы әкімдігі мен "Аңсар-Мəртөк" ҚБ ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына дін саласындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық түсіндіру тобының мүшесі Мақсат Мұратұлы, облыстық "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы, псиxолог маман Бауыржан Торғайұлы, республикалық деңгейдегі теолог маман Асланбек Сағынайұлының қатысуымен кездесулер өтті. Алғашқы кездесу аудандық Қорғаныс істері бөлімі қызметкерлерімен өтті. Кездесу барысында дәстүрлі емес діни алымдардан сақтану жолдары туралы түсіндіріліп, жастарға дұрыс тәрбие беріп, рухани құндылықтарды дәріптеу қажетті айтылды.