Ауданымызда жұмыс жүргізіп жатқан облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Мәртөк ауылының №1 орта мектебінде және №3 орта мектеп оқушыларымен кездесті

Ауданымызда жұмыс жүргізіп жатқан облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Мәртөк ауылының №1 орта мектебінде және №3 орта мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатыстырылды. Кездесу барысында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы Вороневич Ольга Александровна жат ағымды ұстанушылардың жастарды өз тараптарына тарту жолдарын түсіндіріп, олардан сақтануды айтып өтсе, облыстық "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Жусупов Бауыржан Торғайұлы әлеуметтік желілерді қолданудың пайдасы мен зияны туралы толық ақпарат беріп өтті. Жиын соңында облыстан келген дін мамандары жоғары сынып оқушыларына пайдалы парақшаларымен бөлісті.