Бүгін Мәртөк ауданы әкімдігі мен "Аңсар-Мəртөк" ҚБ ұйымдастыруымен аудан тұрғындарына дін саласындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық түсіндіру тобының мүшесі Мақсат Мұратұлы, облыстық "Аңсар" ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы, псиxолог маман Бауыржан Торғайұлы, республикалық деңгейдегі теолог маман Асланбек Сағынайұлының қатысуымен кездесулер өтті. Алғашқы кездесу аудандық Қорғаныс істері бөлімі қызметкерлерімен өтті. Кездесу барысында дәстүрлі емес діни алымдардан сақтану жолдары туралы түсіндіріліп, жастарға дұрыс тәрбие беріп, рухани құндылықтарды дәріптеу...
Вы здесь
ЖАҢАЛЫҚТАР
28.12.18
28.12.18
Кездесу барысында дәстүрлі емес діни ағымда жүрген азаматтарды қалай ажыратуға болады, дәстүрлі ислам діні мен дәстүрлі емес ислам дінінің қалай айырамыз деген сұрақтар қойылып, талқыланды. Бауыржан Торғайұлы қатысушыларға психологиялық тренинг өткізді.
28.12.18
Ауылдық округ клубында ата-аналармен өткен кездесуде балаларын дәстүрлі емес діни ағымнан сақтандыру және діни білімді кімнен, қайдан алу керектігі жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Кездесуге қатысқан ата-аналарға ақпараттық жадынама таратылды.
28.12.18
Бүгінгі ақпараттық топтың тағы бір кездесуі Сарыжар ауылдық округінің ата-аналарымен өтті. Кездесу барысында балаларды жат ағымдардың ықпалынан сақтау үшін оларға көбірек көңіл бөлу, бос уақытында немен айналысып, қандай топпен араласатындығын біліп отыру қажеттігі айтылды. Діни ақпаратты қайдан және кімнен алып жүргеніне мән беру керек және қазіргі таңда балалар көп қолданатын әлеуметтік желілердің зардаптары айтылды.
23.11.18
Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің а.ж. 15-қарашасы күнгі қорытынды кездесуі Мәртөк аудандық Әділет басқармасы қызметкерлерімен өтті. Кездесу барысында Әділет басқармасы қызметкерлеріне заңмен тыйым салынған діни ағымдар туралы толық мағлұмат берілді. Өз кезегінде Мәртөк аудандық Әділет басқармасының басшысы Қасенов Серік Оразғалиұлы облыстық дін мамандарына шынайы алғысын білдірді.