Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды.

Төралқа мүшелерінің шешіміне сәйкес, биылғы пітір садақа 300 теңге болып бекітілді. Былтыр да пітір садақаның мөлшері осы шамада болған.

Пітір садақаны тек ақшамен ғана емес, бидай, құрма, мейіз, арпа құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Яғни, жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Пітір садақаны беру мерзімі – Рамазан айы басталғаннан ораза айт намазына дейін болады. Рамазан айы мамырдың 16-сынан 14 маусымға дейін жалғасады.

Маусымның 9-нан 10-на қараған түні — Қадір түні.

Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.