Дін туралы түсіндірме жұмыстары

2018 жылдың 15-қарашасы күні облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мен Мәртөк ауданы әкімдігінің бірлескен жоспарына сәйкес, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы Вороневич Ольга Александровна мен облыстық "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Жусупов Бауыржан Торғайұлы Мәртөк ауданында өз жұмыстарын бастады. Жұмыс жоспарына сай, алғашқы түсіндіру жұмысы Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен жүргізілді. Жиналыс барысында, жиынға қатысушы тұлғалар өз көкейінде жүрген сұрақтарды қойып тиісті жауап алды. Кездесуге заң тұрғысынан қойылған сұрақтарға жауап алу мақсатында Мәртөк аудандық Әділет басқармасының басшысы Қасенов Серік Оразғалиұлы шақыртылды.