Діни сауаттылығын арттыру

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, терроризмге қарсы комиссия және «Аңсар-Мәртөк» ҚБ ұйымдастыруымен Мәртөк ауданының тұрғындарын діни сауаттандыру мақсатында республикалық деңгейде жұмыс жасап жүрген теолог маман Жандаулет Сулейменов пен облыстық дін істері басқармасының жанынан құрылған «Аңсар» ақпараттық – талдау орталығының бөлім басшысы, психолог маман Бауыржан Жусупов ауданға шақырылды. Жұмыс барысында жоспарға сәйкес алғашқы түсіндіру жұмысы Жайсаң ауылындағы Жайсаң көпсалалы колледжінің студенттерімен жүргізілді. Кездесу барысында Жандаулет Сулейменов дәстүрлі діни ағымдардан сақ болып, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану керектігін айтып өтсе, психолог маман Бауыржан Жусупов дәстүрлі емес діни ағым көшбасшыларының жастарды өз тараптарына қалай тартатындығы және олардан сақтану жолдары туралы ақпарат берді.