Дінтану мұғалімдеріне әдістемелік көмек

Ауданымызда жұмыс жүргізіп жатқан дін мамандары өз жұмысын Мәртөк ауылында жалғастырды. Дінтану пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық орталық кітапханада кездесу өтті. Дінтану мұғалімдерімен еркін әңгімелесу арқылы мектеп оқушыларын дәстүрлі емес діни ағымнан сақтандыру жолдары түсіндірілді. Жандаулет Сулейменов қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «дінтану» оқулықтарының жоқтығы және осы пәнді арнайы оқыту мамандарының аз екендігін атап өтті. Алдағы уақытта жастардың дәстүрлі емес діни ағымдарға бетбұрысының алдын алу үшін жоғарыда атап өтілген мәселелерді шешу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылды. Сонымен қатар психолог маман діни радикалдық ағымдардың алдын алу бойынша тренинг өткізді.