Қажылық маусымы

Қажылық, Исламның негізгі бес парызының  бірі.Дүние  арқылы атқарылатын ғибадат түріне  жатады. Қажылықтың  сөздік мағынасы  жөнелу, тиісті қылу, бір  кісіні және бір жерді  қайта  зиярат  ету мағыналарына келеді.

    Қажылық хижреттің тоғызыншы жылы парыз етілген. Қажылықтың парыз болу  үкімі Құран және сүнетпен бекітілген, бүкіл  мұсылмандар бұл  турасында  бір ойда, яғни бір пікірде.

    Құран Кәрімде «Қажылыққа баруға  күші жеткендерге  Қағбаны зиярат  етуі, Аллаһтың құлдарынан талап ететін бір ақысы» (Әли имран сүресі, 97 аят) екеніндігі айтылған. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у): « Ислам бес негіздің үстіне құралған. Бұлардың 1-шісі Аллаһтан басқа илаһ жоқ  екендігіне және Мұхаммедтің  Аллаһтың елшісі  екендігіне куәлік  ету, намаз  оқу, зекет беру Қағбаны зиярат ету  және Рамазада ораза тұту» - (Бұхари, Иман, 2; Мүслим, Иман,5) деді.

    Қажылық  (ғибадат) Хазіреті Ибраһимнен бастау алып, қазіргі  күнге  дейін жалғасып келе жатқан  ғибадат түрі.Құран және хадистерде Хазіреті  Ибраһимнің (а.с) Қағба зияраттары туралы көктен хабарланған (Хаж, 22, 27, 28) Қағбаның және қажылықтың басталу тарихына да тоқталған.

     Ер болсын, әйел  болсын, әлі келген яғни қажылықтың  шарттарына сай болған әрбір  мұсылман өмірінде  бір  мәрте  қажылыққа баруы  парыз.

     Қажылық кімге  парыз  болатын болса, бұл  ғибадаты  кешіктірместен, дер  кезінде  орындасын. Уақытында орындамай кейінгі  қажылық  парызын өтей алмаған кісі, кейінірек те қажылыққа бара алмаса өз орнына басқа біреуді  жіберуі тиіс.

    Қажылық ғибадаты бұлдүниеде де, ақирете  де  өте маңызды рол ойнайды. Шын ықыласпен  орындалған қажылық, мұсылманды күнәдан  пәк қылып, оның Аллаһ жанындағы  дәрежесін көтереді. Онымен қоса жәннатқа кіруіне себеп болып, әдеп  жағынан да көп жетістіктерге жеткізеді.

   Қажылықтың берер  пайдасы  мен  берекесі  шындығында-ақ  орасан. Пайғамбарымыздың (с.а.у) қажылықтың пайдасы жайында  көптеген хадистері бар. Бұлардың біреуінде  былай  деп  баяндаған. «Кімде-кім Аллаһ үшін қажылыққа  барып, былапыт сөз  және жаман қылықтардан  сақтанып, күнә істемесе  (құл ақысына  басқа) анасынан туғандай  күнәлардан  пәк  болады» (Бұхари, Қаж,4). Осы  іспеттес  тағы  бірнеше  хадисте  былай  делінген: «Қабыл болған  қажылықтың сыйы – жәнаттан басқа ештеңе емес. Умраның сыйы да умрамен келесі умра арасындағы  күнәлардың  кешірілуі».(Мүслим, Қаж, 437; Ибн Мәже, Мәнасик, 3) 

      «Амалдардың абзалы қайсысы?» деген сұраққа  Пайғамбарымыз  (с.а.у) былай  деп жауап  берген екен: 

-Аллаһ және расуліне иман;

-Одан кейінгісі қайсы?

-Аллаһ жолында  жиһад.

-Одан кейінгісі деген сұраққа «Қабыл  болған  қажылық» деп жауап берген екен. (Бұхари, Қаж, 4; Несай, Мәнасик 4)

    Қажылық жасаған  кісілердің Аллаһ алдындағы  мәртебесі  өте жоғары болады. Сондықтан  Ұлы Аллаһ олардың шын  жүрекпен  жасаған дұғаларын кері  қайтармайды: Пайғамбарымыз (с.а.у)

     «Қажылыққа  барғандар және умраны  орындағандар  Аллаһтың қонағы. Аллаһқа дұға  етсе, дұғалары  қабыл болады. Кешірілуін сұраса кешіріледі» - деген еді. (Ибн Мәже, Мәнасик 5)

    «Қажылық пен умраны  бірінен  соң бірін  орындаңдар. Өйткені, бұл екеуі, көріктің  алтын мен  күмістің татын кетіретініндей, кедейлікті және күнәларды  жоқ қылады». (Тірмизи, Қаж, 2; Нәсай, Мәнасик, 6; Ибн Мәже, Мәнасик, 3)

      Аллаһтың әмір еткен  әрбір нәрсесінде  әрдайым адамдар үшін  осы дүниеде де, ақиретте  де көптеген хикмет-пайдалар бар. Сол сияқты  қажылықтың да хикметтері баршылық. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік:

    Әрбір адамның табиғатында  Ұлы Аллаһқа деген құлшылық  мұқтаждығы бар. Ал қажылық адамға Аллаһтың  алдындағы әлсіздігін сезіндіріп, құлшылығын орындап, оның берген  бүкіл нығметтеріне шүкір етуді үйретеді.

    Неге десеңіз, қажылыққа барған кісі, осы мал-мүлік, мақам және дәрежесінен арылып, дүниәуи мақсаттардан  тазарып, тек Аллаһқа ғана жөнеледі. Шексіз  құдірет иесі алдында құлдық ұрып, бойұсынады. Сөйтіп, Аллаһқа толық  құл  болудың ләззатын татады.

     Қажылық түр-түс, тіл, ұлт, өлке, мемлекет, мәдениет, мақам, дәреже  деп бөлінбей, құлдардың  бәрі  бір мақсаттың  аясына  топтасып, миллиондаған мұсылман бір жерге жиналып, бауырластықтың керемет бір көрінісін  көрсетеді. Айтылып тырған жай  сөз емес,  шындық. Өйткені, байы болсын, кедейі болсын, күштісі  болсын, «әлсізі босын, падишасы болсын, емесі  болсын бәрі  бір түсті және бір келкі киім киіп, бәрі бір мақсатты көздейді. Бірдей  қиыншылықтарды бастан  кешіп, бірдей  шарттарына мойынсұнады. Бауырластықтың нышанын, һәм махшарды еске түсіреді. 

     Исламның туып, өркендеген, түсіп, әрі Хазіреті Пайғамбар  (с.а.у)  мен асхабтың не бір  қиыншылықтарды бастан кешірген, Хазіреті Адамнан (ғ.с) бастап, не бір пайғамбарлардың  аяқ басқан  жерін өз  көзіңмен көру, мүминдердің діни сезімдері  мен  Исламға деген имандарын  күшейтеді.

      Қажылыққа барған мұсылмандар сабырлыққа, қиыншылықтарға төзуге, үлкен жамағатпен бір уақытта, бірдей әрекет етіп, бірдей нәрселерді  істеуге, жәрдемдесуге, бегілі бір хикметке  мойын идіруге тәрбиелейді.Қажылық адамның бойында өмір бойы өшпейтін терең тебіреністер  мен  әсерлер қалдырды. Бұл әсерлер мен тербеністер мүминнің кейінгі  өміріне  де  үлкен мән-мағына береді.

       Арафат сияқты махшардың көрінісіндей бір  жерде Аллһқа  қол жайып, жалбарынып, дұға етіп, күнәлардан пәк болған  бір кісі, екінші бір мәрте  жәйдан-жәй  өткен  ескі қателіктер  мен күнәларға бара қоймасы анық.

     Қажылық ғибадаттың арқасында мұсылмандар өзара керемет әсерлер қалдырып, пікірлеріне жақсы өзгерістер  табады. Адамдарды  бір-бірінен алшақтататын ұлтшылдық сияқты жағымсыз  пиғылдардан аулақ  қылады. 

    Сөз  түйіні, қажылықтың өзге ғибадаттарда  жоқ, өзіне ғана тән көптеген хикметері мен ахлақи құндылықтарды, әлеуметтік – эканомикалық және психологиялық  пайдалары бар.

        Қажыға  баруға асығыңыз!

Рахмет самалы журналынан алынды