ҚҰРМЕТТІ БІЗДІҢ ОҚЫРМАНДАР!!!

Сіздерді берекелі Рамазан айының келуімен құттықтаймыз! Қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз көп шүкірлік пен мақтаулар болсын! 
Рамазан – сауаптар еселеніп, Жәннаттың есіктері ашылатын, адамзатқа Алланың кешірімі мен мейірімі төгілетін ай! Бұл – Жаратушы Иеміздің адамзатқа тарту еткен ұлы сыйы әрі нығметі! Сондықтан Алла Тағала бір Өзінің ғана ризашылығын көздеп ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етсін!
«Бiр Құдайдан тiлеймiн иман, ақыл, 
Ақылсыздан әр iсiм өттi ғапыл. 
Ораза ұстап, бес намаз оқығанның, 
О дүниеге барғанда iсi мақұл» (Шал ақын ) – деп өткен халқымыздың ынтымағы мен бірлігі артып, ырыс-несібесі молая берсін! «Оразалымен оттас бол, имандымен жолдас бол» - деген екен бабаларымыз. Ендеше, рахым жауған қастерлі айда жасалған ізгі ниет пен амалдарымыз өзге айларда да жалғасын таба бергей! Дұғалар қабыл болатын қастерлі айда елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілейміз!
#Рамазан #Рамазан2018 #қастерліай#дұғa