МЕШІТТЕР

Сарыжар ауылының орталық мешіті

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» діни бірлестігінің «Хлебодаровка ауылының  мешіті» филиалы Хлебодар селосы ,Әйтеке би көшесі 37 үйде орналасқан.  Мешіт 2008 жылы салынған. Сыйымдылығы 200 адам. Хлебодар мешітіне тұрақты түрде құлшылық етуге (намаз оқуға) 5-7 адам қатысады. Ал  жұма намазына 40-50 адам қатысады.

Сарыжар  ауылының мешітінің бас имамы

Бекмұратов Кемал Орынбасарұлы-1970 ж. наурыздың 3 айында Қызылорда облысы, Арал ауданында дүние есігін ашты.

  • 1987 ж. Арал ауданы орта мектеп қабырғасынан білім алды.
  • 1988-1990 ж.ж СССР кезінде Әзербайжан мемлекетінде әскерде, әскери борышын өтеп келді.
  • 1987-1991 ж.ж Қызылорда облысында Полетехникумда «ТОРА» факультетін 2,5 жыл оқып, тамамдады.
  • 1991ж. Қызылорда облысы «Пединститутында» арапша, граматика т.б діни 6-ай білім алды.
  • 1991-1997 ж.ж Түркия мемлекеті, Самсун қаласында «19 май» Университетінің «Теология» факультетін 6-жыл оқып, «Дінтанушы» мамандығын иеленді.
  • 1992 ж Қасиетті Мекке қаласында қажылық парызын өтеді.
  • 1998-2000 ж.ж Алматы облысында «Қожа Ахмет Яссауи» атындағы мекемесінде, тәрбиеші.
  • Алматы облысында «Фабричний» медресесінде ұстаздық қызметін атқарды.
  • 2000 ж. Қызылорда облысы, Арал ауданы мешітінде 1 жыл ұстаздық қызметін атқарды.
  • 2001-2002 ж.ж Арал ауданы мешітінде имамдық қызметін атқарды.
  • 2002-2006 ж.ж Ақтөбе қаласында жеке кәсіппен айналысты.
  • 2012 ж. екінші рет қажылыққа бару нәсіп болды.
  • 2006 жылдан бастап, Мәртөк ауданына қарасты, Сарыжар ауылы орталық мешітінде имамдық қызметін атқарып келеді.

Мәртөк ауданының орталық мешіті

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы  Мәртөк аудандық мешіті  Мәртөк селосы  Мир-хайдаров көшесі, 25 үйде орналасқан.

Әділет органдарында 2000 жылғы 21 қаңтарда тіркелген.Қайта тіркеуден  2012 жылы 19 қыркүйекте өткен.Куәлік  №1226-1904-Ф-л.БСН 000141006843

Мешіт көлемі:222,2 шаршы метр ,сыйымдылығы 150 адам 

Мәртөкаудандық мешітінің бас имамы:

Муканов Берік Мейрамұлы, бойдақ, 08.12.1983 жылы Қостанай облысы, Қарасу ауданында дүниеге келген.  2016 жылы 9 қарашада Мәртөк ауданы орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Байланыс телефондары:8 7785646558, 871331/22377

Білімі туралы мәліметтер: 2009-2012 жылдары «Астана» медресесінде білім алған.