ЖАҢАЛЫҚТАР

23.11.18
Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің а.ж. 15-қарашасы күнгі қорытынды кездесуі Мәртөк аудандық Әділет басқармасы қызметкерлерімен өтті. Кездесу барысында Әділет басқармасы қызметкерлеріне заңмен тыйым салынған діни ағымдар туралы толық мағлұмат берілді. Өз кезегінде Мәртөк аудандық Әділет басқармасының басшысы Қасенов Серік Оразғалиұлы облыстық дін мамандарына шынайы алғысын білдірді.
23.11.18
Ауданымызда жұмыс жүргізіп жатқан облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Мәртөк ауылының №1 орта мектебінде және №3 орта мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесуге жоғары сынып оқушылары қатыстырылды. Кездесу барысында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы Вороневич Ольга Александровна жат ағымды ұстанушылардың жастарды өз тараптарына тарту жолдарын түсіндіріп, олардан сақтануды айтып өтсе, облыстық "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Жусупов Бауыржан Торғайұлы әлеуметтік желілерді қолданудың пайдасы мен зияны туралы толық ақпарат беріп өтті. Жиын соңында...
23.11.18
Облыстық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Вороневич Ольга Александровна мен Жусупов Бауыржан Торғайұлы Жайсаң көпсалалы колледжінің Мәртөк филиалының студенттерімен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы "Деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары". Кездесу барысында білікті мамандар колледж студенттеріне дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдарын толық түсіндіріп өтті.
23.11.18
2018 жылдың 15-қарашасы күні облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мен Мәртөк ауданы әкімдігінің бірлескен жоспарына сәйкес, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы Вороневич Ольга Александровна мен облыстық "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Жусупов Бауыржан Торғайұлы Мәртөк ауданында өз жұмыстарын бастады. Жұмыс жоспарына сай, алғашқы түсіндіру жұмысы Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен жүргізілді. Жиналыс барысында, жиынға қатысушы тұлғалар өз көкейінде жүрген сұрақтарды қойып тиісті жауап алды. Кездесуге...
23.11.18
Ауданымызда жұмыс жүргізіп жатқан дін мамандары өз жұмысын Мәртөк ауылында жалғастырды. Дінтану пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық орталық кітапханада кездесу өтті. Дінтану мұғалімдерімен еркін әңгімелесу арқылы мектеп оқушыларын дәстүрлі емес діни ағымнан сақтандыру жолдары түсіндірілді. Жандаулет Сулейменов қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «дінтану» оқулықтарының жоқтығы және осы пәнді арнайы оқыту мамандарының аз екендігін атап өтті. Алдағы уақытта жастардың дәстүрлі емес діни ағымдарға бетбұрысының алдын алу үшін жоғарыда атап өтілген мәселелерді...
23.11.18
Ағымдағы жылдың 2 қарашасында аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, терроризмге қарсы комиссия және «Аңсар-Мәртөк» ҚБ ұйымдастыруымен Мәртөк ауданының тұрғындарын діни сауаттандыру мақсатында республикалық деңгейде жұмыс жасап жүрген теолог маман Жандаулет Сулейменов пен облыстық дін істері басқармасының жанынан құрылған «Аңсар» ақпараттық – талдау орталығының бөлім басшысы, психолог маман Бауыржан Жусупов ауданға шақырылды. Жұмыс барысында жоспарға сәйкес алғашқы түсіндіру жұмысы Жайсаң ауылындағы Жайсаң көпсалалы колледжінің студенттерімен жүргізілді. Кездесу барысында...
22.10.18
Жандарбек: Жиналыстан кейін ҚМДБ-ның жастар ісі секторының облыстық өкілі тарапынан Мәртөк ауылдық №4 орта мектебінің 6 оқушысына мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды. Сондай-ақ жастарды табиғатты аялауға баулы мақсатында мектеп ауласына 10 түп алма ағашы отырғызылды
22.10.18
Ағымдағы жылдың 16 қазаны күні Мәртөк ауданындағы №4 Мәртөк орта мектебінде дәстүрлі дінді түсіндіру мақсатында Ақтөбе облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылдық мешітінің имамы Темірханов Асылхан Нұртайұлының қатысуымен, Мәртөк ауданындағы №4 және 2 Мәртөк орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Кездесу «Дін және жастар» тақырыбында өтті. Кездесу барысында имам жастарды қоғамымыздың игілігі үшін еңбек етіп, арамызда жүрген дарынды тұлғалардың, ғалымдар мен дәрігерлердің, ұстаздардың, өнер және әскери адамдардың,...
15.05.18
Төралқа мүшелерінің шешіміне сәйкес, биылғы пітір садақа 300 теңге болып бекітілді. Былтыр да пітір садақаның мөлшері осы шамада болған. Пітір садақаны тек ақшамен ғана емес, бидай, құрма, мейіз, арпа құнымен де беруге болады. Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Яғни, жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет. Пітір садақаны беру мерзімі – Рамазан айы басталғаннан ораза айт намазына дейін болады....
15.05.18
Әр елдің болашағы жастар екені мәлім. Бірақ өкініштісі сол жастарымыздың дәстүрлі емес жат ағымның құрбаны болып жүргендері қабырғамызды қайыстырады. Жастарымыздың жат ағымның жетегінде кетуіне бірнеше себептер бар. Біріншіден, дінге жаңадан бет бұрып келе жатқан жас буынның білімсіздігін пайдалану арқылы Исламның дұшпандары Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерін бұрмалап, өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін елдің ауыз-біршілігін бұзып, салт-дәстүрімізді жоққа шығарып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты үзіпжастарымызды қол шоқпарына айналдыруда...

Страницы