ЖАҢАЛЫҚТАР

18.04.18
Ағымдағы жылдың 12-сәуірі күні Родников ауылының Родников орта мектебінде дін тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді. Жиналысқа облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маман Разақ Тастанбек Нұрмұxаммедұлы шақырылды. Жиналыс барысында жоғары сынып оқушыларына деструктивті діни ағымдардан қалай сақтану керек екендігі, діни сұрақтар туындаған жағдайда кімнен сұрау керектігі жөнінде толық ақпарат берілді.  
18.04.18
Бүгін Сарыжар ауылының Сарыжар орта мектебінде дәстүрлі дін және екпе мәселелері бойынша жалпы кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог маман Разақ Тастанбек Нұрмұxаммедұлы шақыртылды. Екпе мәселесінде аудандық орталық ауруxанасы бас дәрігерінің орынбасары Джамалова Рафига Эйвазовна сөз сөйледі.
11.01.18
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын мәлімдейді. ҚМДБ жамағат тарапынан киім мәселесіне қатысты жолданған сұрақтарға шариғат бойынша, балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу міндет екенін мәлімдейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Ал паранжа (ниқаб) киюдің салтымызда болмаған, басқа елдің үлгісі екенін де ерекше атап өткеніміз жөн. Ислам шариғатында қыз баланың...

Страницы