Жасөспірімдерді лаңкестік ұйымдардың ықпалынан қалай сақтандырамыз?

Қазақстанда терроризмге қатысты сұраққа алынғандардың 55 пайызы 17 – 29 жас аралығында екен. Иə, жаманатты болғандардың ең жасы 17-де! Ал, кеше Ақтөбеде ойран салған лаңкестердің ең жасы 19-да болып шықты.

Қазақстанға қатысы жоқ болса да айта кетейік, лаңкестік ұйымдар балалар мен жасөспірімдерді өз мақсатына аяусыз пайдалануда. Мəселен, Нигериядан шыққан «Боко харам» террористік тобы осы жарты жылда 50 жасөспірімді өз қатарына тартқан. 2015 жылы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) Сирияда 1100 баланы жанкештілікке баулыған. «Ислам діни мектебі» деген атты жамылып, жиһад жасату үшін ұрланған балалардың санында есеп жоқ деседі.

Келмейді деген нəрсе келді, болмайды деген нəрсе болды. Киім киіс, жүріс-тұрыстарымен елден ерекшеленіп жүргендерге біз де күдікпен қарай бастадық. Əсіресе, оң-солын танып болмаған жастарға көбірек алаңдаулымыз. Бұрын мəн бермеген ісіне мəн беріп, біраз күн қадағалауды күшейткен болдық. Ал ары қарай не істейміз?

Кеше террорлық қылмыс жасаған қазақтың жас балалары бір айда немесе бір жылда террориске айнала салған жоқ. Олардың санасы жылдар бойы уланып келгені айдан анық. Соның ішінде түрлі діни ағымдардың ықпалы басым болғанын да біліп жатырмыз. Осындай пиғылы бөтен лаңкестік ұйымдардың ықпалынан жасөспірімдерді қалай арашалаймыз?

Серікбай қажы ОРАЗ