Жиналыс өткізілді.

 

17.05.2018 ж Мәртөк ауылының №1 Орта мектебінде және №2 Мектеп-гимназиясында аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшысы мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастырылуымен мектеп бітіруші жоғары сынып оқушыларына дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары жөнінде жиналыс өткізілді. Жиналысқа аудандық әділет басқармасының басшысы С.Қасенов және аудандық орталық мешітінің бас имамы Б.Мұқанов шақырылды. Жиналыс барысында оқушыларға деструктивті діни ағымнан сақтау жолдары терең түсіндірілді. Оқушылар өз ойларындағы сұрақтарды қойып, тиісті жауап берілді.